Шымкент қаласында интернет желісі шалғай елдімекендерге тартылуда

Oinet.kz 11-06-2023 257

Шымкент қаласында интернет желісінің жылдамдығын арттыру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, биыл Абай ауданына қарасты Нұршуақ елді мекеніне талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген болатын. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша бұл елдімекен маусым айының соңына дейін оптика желісімен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Screenshot_16.jpg

Жалпы бүгінде қоғам шексіз цифрландыру мүмкіндіктер кезеңінде өмір сүріп жатыр. Бұрнағы жылдары мүмкін еместей көрінген дүниелерге қазір етіміз үйренгені соншалық, оған тіпті таңғалмайтын болдық. Ойлап қарасақ, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана хабар алудың негізгі құралы ретінде пошталарды пайдаланған болсақ, ал қазір түрлі функциялармен жабдықталған смартфондарды қолдануды үйрендік. Көптеген технологиялық дамудың нәтижелеріне қол жеткізудеміз. Сол секілді, бүгінгі заманауи игіліктердің бәрін бірінен соң бірін тізе берсеңіз тізгінді тарта алмай қалуыңыз мүмкін.

Бүгінгі таңда цифрландырудың мүмкіндігі орасан зор. Алайда қала орталықтарынан шалғай жатқан елдімекендегі ағайындар әлі күнге ұялы телефон байланысы мен интернет желісін толыққанды пайдалана алмай келеді. Жалпы «Цифрлы Қазақстан» жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық салаларының барлығына үлкен өзгерістер алып келеді. Себебі ақпараттық технологиялар мен платформалар бизнес үлгілерін түбегейлі өзгертіп, сауда саттық саласында арадағы делдалдарды жою және оңтайландыру арқылы олардың тиімділігін арттыруда. 

- Қазіргі таңда аталған елдімекенде тиісті құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, елді мекен көшелеріне оптика желісін тарту жұмыстары жалғасуда. Тиісті жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтап, 10 мыңға жуық тұрғынға жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынады. 

Сонымен қатар, Нұршуақ елді мекеніне базалық станция орнату үшін «Kcell» акционерлік қоғамы мен келіссөздер жүргізіліп, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатуға келісім жасалды. Бүгінде инвестор тарапынан базалық станцияны орнату үшін жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстарды алдағы төрт ай көлемінде аяқтау жоспарланып отыр, - дейді қала басшысы. 

Шымкент қаласында жол сапасы бақылауға алынған
Шымкент қаласындағы Абай ауданындағы көшелер жарықтандырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу