Шымкент қаласының туристік әлеуеті артып келеді

Oinet.kz 09-06-2023 308

Шымкент қаласының туристік әлеуеті жоғары. Оған мүмкіндік беретін факторлар да көп. Өйткені Түркістан облысындағы әулие-әмбилердің көпшілігі осы қала маңы, қала аумағында орналасқа. Мәселен, Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим ата, Қарашаш ана тағы басқа да есімі елге белгілі тұлғалардың мазарлары, тамаша ойын алаңдары мен зоопарк, сәні мен сәулеті келіскен қонақ үйлерді де осы шақардан табасыз. 

Screenshot_6.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда шаһардың туристік әлеуеті артып келеді. Қаланың туристік базасы шетелдіктерге де жақсы таныс. Мәселен, жуырда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өткен «Riyadh Travel Fair 2023» фестивалінде Шымкенттің туристік мүмкіндігі жан-жақты таныстырылған болатын. Сонымен бірге, қазақ еліндегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы – Шымкент қаласында орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге келетін әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер осы орталыққа қайырылмай кетпейді.  

- Туризм саласын дамыту Президентіміздің Жолдауында да көрініс тапқан. Бұл сала өңірімізде жаңадан жанданып, жаңаша сипатқа ие болып келеді. Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше. Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы «Салт-дәстүр» орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы. Күні кеше Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Хабира Мажиева қонақта болды, - дейді қала әкімі.

Швециялық Хабира Азизбекқызы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия мамандары «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсеткен. Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық - мәдение кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді.

- Біздің алдымызда тұрған басты міндет, туристерге жағдай жасау. Қазіргі заман талабына сай туристік инфрақұрылымды дамыту. Сол үшін туристік нысандарға келушілерге барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Біздің алдымызда тұрған міндеттің бірі – туристік нысандарды одан әрі қарай жаңарту, цифрландыру, көркейту. Бұл бағытта Шымкент қаласында  бағытында нақты шаралар қабылдануда, - дейді шаһар басшысы. 

Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтың дамуына Ресейліктер де инвестиция салуда
Шымкент қаласындағы «Бозарық» өндірістік аймағында кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу