Шымкент қаласындағы «Бозарық» өндірістік аймағында кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Oinet.kz 14-06-2023 363

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп саласын дамытуға да басымдық берілген. Жалпы қалада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілері салынуда. Оның құрылыс жұмыстарын аяқтау биылға жоспарланған еді.  

Screenshot_7.jpg

- Бүгінгі таңда бұл индустриалдық аймақта жалпы құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба әзірленген. Олардың бірі -  жалпы құны 1,1 миллиард теңгені құрайтын консерві зауыты. Онда жартылай фабрикаттарды өндіру және орау үшін көкөністерді, ет өнімдерін, жемістер мен жидектерді өңдеу көзделген. Сонымен қатар, ол аймақта жобалық құны 1,5 миллиард теңге құрайтын консервіленген ет өндірісі бар. Мұнан өзге косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарын өндіретін зауыт, кондитерлік өнімдер өндіру, түрік шұжықтарын өндіру, нан үгіндісін өндіру, сүт өнімдерінің өндірісі, құрама жем өндіру жобасы бар. Сондай-ақ, сұйық май, макарон және мал еттін қайта өңдеу зауыттары салынатын болады, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.   

Қала басшысының айтуынша, бұл өндіріс ошақтары «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы аумағына орналастырылуда. Мұнда бір уақытта инвесторға жалдау шартымен инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімі берілген еді.

- Бұл индустриялық аймақтың аумағы кеңейіп келеді. Ол аумаққа қатысуға ниет білдіргендер «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясына қажетті құжаттардың тізбесін тапсырып, өтінім жазу керек. Басқарушы компания қажетті құжаттар тізбесін 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Сонымен бірге компания қажетті құжаттардың тізбесін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына бір жұмыс күні ішінде жібереді. Ал комиссия ол өтініштерді қарап, шешім шығарады. Жалпы менің  төрағалығымен инвестициялық штаб тұрақты қызмет атқаруда. Онда инвестициялық жобалар мен проблемалық мәселелер қарастырылады және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласының туристік әлеуеті артып келеді
Шымкент қаласында алюминий банкалары шығарылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу