Шымкент қаласындағы Таскен елдімекенінде спорт алаңы ашылды

Oinet.kz 03-06-2023 170

Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Таскен тұрғын алабы тұрғындарының сұранысына орай «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бірқатар нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. 

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Таскен елді мекенінде бүгінге дейін де тұрғындар өтінішіне сәйкес өткен жылы ашық спорт алаңшасы салынып пайдалануға беріліпті. Биыл мұнда тағы бір спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңын салу және гүлзар құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім, денсаулық пен спорт саласына айрықша басымдық беріп отыр. «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дейді Президент. Денсаулықты жақсартатын спорт саласына да бүгінде басымдық берілуде. Өткен жылы Талас елді мекені тұрғындарының өтініші бойынша «Tunay Stroy Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл ауылда спорт алаңын салып берді. Бұл алдыңғы орында жастарымыздың спортпен еркін шұғылдануына жол ашпақ. Денсаулықты жақсартып қоймай салауаттыққа бастар игі істің бүгінде игілігін ел көруде, - дейді қала әкімі. 

Қала әкімінің айтуынша, қаланың «Халық қатынасатын бюджет» жобасы аясында көп жобалар енгізілген. Биылғы жобаға еніп отырғаны осы ауданда Талас елді мекенінде тағы бір спорт алаңын салу. Сонымен қатар халықтың сұранысы бойынша балалар ойын алаңы мен гүлзар құрылысын жүргізу жоспарға енген екен. 

Жақында «Tunay Stroy Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрылыс жұмысы аяқталған ашық спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріліпті. Жаңа спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Қаратау ауданының әкімі, аудан депутаттары және елді мекен ақсақалдары қатысқан. Спорт алаңы аумағында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері де қойылыпты. 

Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуына мол мүмкіндік береді. Орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Жалпы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба бермек.

Шымкент қаласында «ARNATEX» ЖШС өнімін шет елге экспорттауда
Шымкент қаласының әкімі шаһар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу