Шымкент қаласында «ARNATEX» ЖШС өнімін шет елге экспорттауда
Шымкент қаласындағы «ARNATEX» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан іргелі өндіріс ошағы. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «ARNATEX» өндірістік компаниясы Қазақстандағы тоқыма емес материалдарды өндіру бойынша тоқыма өнеркәсібіндегі заманауи және жетекші жоғары технологиялық компаниялардың бірі болып табылады.
- Бүгінгі таңда бұл компания синтетикалық, жасанды және табиғи талшықтардан жасалған заманауи жоғары сапалы оқшаулағыштар мен толтырғыштарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды шығарады және сатады. Спанбонд – бұл өте жеңіл, экологиялық таза, ұзаққа созылатын, ең жұқа полипропилен жіптерінен дайындалатын, жылу өткізбейтін мата. Өндірісте ол қымбат материалдарды ауыстыру ретінде қолданылады. Материалдың негізгі қасиеттері – арзан, бойлық және көлденең бағытта жоғары беріктік, кесудің қарапайымдылығы, беріктігі, тұрақтылығы, ыстыққа төзімділігі, изотроптылығы (біртектілігі) және тыныс алуға жеңілдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда компания тоқыма емес бұйымдар өндірісінде жетекші орынға ие. Ендігі кезекте бұл компания осы саладағы Қазақстандағы ең ірі экспорттаушы болуды алдына мақсат етіп алып отыр, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Оның айтуынша бұл жобаға тартылған инвестиция көлемі 150 миллион теңгені құрайды. Фабриканың жылдық өндірістік қуаты 220 мың килограмм өнім өндіру. Бүгінгі таңда компания толығымен ішкі нарыққа бағытталып отыр.
- Қазіргі «ARNATEX» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімдерін элоктронды саудаға шығара бастады. Ені екі метірді құрайтын бұл мата мұнай өнімдерінің қалдығынан жасалады. Оны жылыжай, ауыл шаруашылығы мақсатында және жол құрылысына пайдалануға болады. Ол су өткізбейтіндігімен де ерекшеленеді. Бұрын Ресей мен Белорусиядан алып келген шикізатты енді өзіміз өндірудеміз. Дегенмен әзірге мұнай қалдығынан дайындалатын порафин, яғни күріш кейіпке келтірілген ұнтағын Қытай мемлекетінен алдырудамыз. Бүгінгі күні серіктестік синтепон өнімдерімен ішкі нарықты 30 пайызға қамтып отыр. Оның ішінде өзіміздің Шымкент, Алматы, Орал, Ақтөбе, Тараз қалаларынан сұраныстар көп түсуде. Зауытта 15 адам жұмыс істеуде. Былтыр іске қосылған өндіріс ошағының жұмысы жандана түскен. Қазіргі кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығы Alibaba.com интернет сауда желісі арқылы өнімін экспортқа шығаруды бастады, - дейді Мұрат Әйтенов.