Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының көшелері жарықтандырылуда
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының көшелерін жөндеумен қатар жарықтандыру жұмыстары қатар атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, алдағы уақытта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын орталық көшелер басты назарға алынбақ. Осыдан кейін, қалған көшелер мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытта кезең-кезеңімен жарықтандырылмақ.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты «Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елді мекендерді таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Президентіміз ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қалада тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағыта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамтуды 97,7 пайызға жеткізу жоспарлануда. Еңбекші аудандағы жолдардағы көлік сыйымдылығы мен жүктемесін арттыру, алдағы уақытта көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелерді жарықтандыруды бастап кеттік. Бүгінгі таңда мұндағы құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі.
Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы өткен жылы 121 көше жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарлануда.
- Еңбекші шағын ауданындағы ауыл ішілік көше жолдарын орта жөндеуден өткізумен бірге көше жарығын орналастыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Соның ішіде атап өтерлігі, Қалаға қарасты ауданның кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында барлық аудандық және ауыл ішілік көше жолдарына асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сөзімнің соңында айтарым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін боламыз. Ал жоғарыда айтқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жобалардың барлығы да ел үшін атқарылатын болады, оның игілігін ел көреді, - дейді қала әкімі.