Жонарықта емхана салынады

Oinet.kz 29-10-2022 260

31.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Мұхит Баймұханбетұлы Қабланбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, әрі қарай да бұл жұмыстардың қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Осыған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Атап айтқанда, ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы қаралып, Қанағат, Жонарық және Ақниет елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Жонарық елді мекенінің басты мәселесі болған дәрігерлік емхана салу мәселесі де шешімін тауып, бүгінгі таңда бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жеңімпаз мекеме анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады. 

Сонымен қатар, Қабланбек ауылдық округі арқылы өтетін ағын су арнасының 0,9 шақырымына бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізіліп бүгінде пайдалануға берілді.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына ұялы байланыс арнасының сапасы, табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. 

Аудан басшысы бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Кездесуден кейін аудан басшысы бір топ тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылады.

 Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жартытөбедегі мәселелер шешімін тапты
Төлебидің әкімі жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу