Жартытөбедегі мәселелер шешімін тапты

Oinet.kz 29-10-2022 259

30.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жарты төбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, әрі қарай да бұл жұмыстардың қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Достық-2 елді мекенінде жаңадан 300 орындық мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда пайданалуға берілді.

Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен Бостандық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысын ағымдағы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. 

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес, елді мекендердегі көшелердің бойына 7 жол белгілері мен жасанды жол кедергілері орнатылған.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына жарық шамдарын орнату, мәдениет үйін салу, жол жөндеу, тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру және жасанды жол кедергілерін орнату бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Аудан басшысы бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.


Чечил және моцарелла Сарыағашта өндіріледі
Жонарықта емхана салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу