Төлебидің әкімі жеке қабылдау өткізді
Бекітілген жұмыс кестесіне сай Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген Е.Тохсейтов пен Р.Боранбаев аукцион арқылы сатып алынған жерге қатысты даулы мәселе туындағанын айтып, көмек сұрады. Көксәйек ауылдық окруінің тұрғыны С.Ешенқұлова тұрғын үй мәселесін сөз етсе, Ленгір қаласының тұрғыны С.Сыдықұлы жеке спорт клубына баратын қуыс жолды жауып тастауды өтінді. Т.Курочкина тұрғын үйінің құжатын 10 жыл бойы рәсімдей алмай жүргенін айтса, А.Смайл тұрғын үй кезегінде тұрып 1 бөлмелі пәтер алғанын, қазіргі кезде отбасындағы бала саны артуына байланысты, оны кеңейтуді көздеп отырғанын айтып, мемлекеттік тұрғын үйден берілетін пәтер алу мүмкіндігін сұрады. А.Саттарова қазіргі кезде жұмыс іздеп жүргенін, аудандағы бос жұмыс орны жөнінде мәліметті алу жолдарына қатысты сұрақтар қойды.
Тұрғындардың өтiнiшiн мұқият тыңдаған Төлеген Тұртайұлы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Көтерілген мәселеге қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі