Ескі кәріз станциясы жөнделуде

Oinet.kz 23-08-2022 328

Screenshot_1.png

Азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру үшін елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқаны мәлім.  

Бұл үшін өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыттар аталған ұлттық жоба аясына топтастырылған. Ұлттық жоба аясында ауыл-аймақтарда жолдар ретке келтірілуде.

Бұл жұмыстар кеншілер мекені Кентау қаласында да атқарылуда.  Жақында қала әкімі Жандос Тасов ең алдымен қалада құрылысы жүріп жатқан Құралбаев көшесіндегі жол құрылысын бақылады. Бүгінгі таңда, аталмыш көшеде сметалық құжаттамаға сәйкес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда автомобиль жолын асфальт жабындысы алынып, жолдың денгейіне дейін қиыршық таспен тегістеу, жаңа асфальт салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су ағар және аяқ жол салу жұмыстары атқарылуда.

Жоғарыда аталған Ұлттық жобаны іске асырудың нәтижесінде негізгі қызметтермен, атап айтқанда сумен жабдықтаумен 100 пайыз және кәріз жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз ету есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы айырмашылық қысқарады деп күтіледі. Осы ретте қарт Қаратаудың етегіндегі шаһарда кәріз жүйесінің проблемалары оңынан шешіліп келеді. Шаһар басшысы жол құрылысынан бөлек, қаладағы кәріз сорғы станциясында болып, ондағы қәзіргі жағдайын қарап шықты. Тозығы жеткен станцияға бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Онда сорғылар мен құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Кентау қаласының жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында қаладағы бұрыңғы су ағар арналар толықтай жөндеуден өтіп, бетондалған. Қазіргі уақытта 11 ұңғыманың 8-і бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымның 3,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма сорғылары үшін 7 қосалқы электр тарату пункті орнатылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қала басшысы Жандос Қалмұрзаұлы қаладағы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылады. Құрылыс жұмыстарымен жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қаладағы әрбір атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап шыққан қала басшысы, тиісті салаларға сапаға мән беру керектігін, ұдайы жіті бақылап отыруды тапсырды. Әрбір тұрғынға лайықты өмір сапасын қамтамасыз ету жолындағы жұмыстар жалғаса бермек.

Қыс шанаңды жаз сайла
19,3 мың адам жұмыспен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу