Қыс шанаңды жаз сайла

Oinet.kz 23-08-2022 479

Screenshot_25.png

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы №5 Жылу орталығының қысқы маусымға дайындық барысымен танысты. Бүгінгі таңға дейін қаланы толықтай жылумен қамтып келген мекемеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Облыстық бюджеттен 546 миллион теңге қаржы қаралып, Жылу орталықтың 6,7,11,12 қазандықтарына жұмыстар жүргізуде. Құрылыс жұмысын жүргізуші мердігер мекеме "Амади" ЖШС. Аталмыш құрылыс жұмыстары қыркүйек айының басында аяқталуы тиіс. Олыстық бюджеттен қысқы маусымға қажетті қатты отынға 700 млн.тг қаржы қаралған.

Қала басшысы дайындық жұмыстары тиянақты, әрі сапалы болуын қадағалауды мекеме басшысына тапсырды. Жұмыстар жіті бақылауда болатыны ескертілді. 

Айта кетейік, Кентау қаласындағы №5 Жылу орталығы 1937 жылы бой көтерген. 1952 жылы үлкен бу қазандықтар қойылған. Негізінде "Жылу орталығы" Мырғалымсай, Ащысай шахталарын электр қуатымен қамтуға жұмыс жасаған. Кейін, Кентау қаласы пайда болып, көпқабатты үйлер салынып 1960-61 жылдары жаппай қаланы жылумен қамти бастады. 

Бүгінгі күнге дейін қаланы толықтай жылумен қамтып келеді. Жылу маусымы кезінде мекемеде 360-қа жуық қызметкер еңбек етеді.

Көп балалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр
Ескі кәріз станциясы жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу