Жол – экономиканың күре тамыры

Oinet.kz 23-08-2022 389

Screenshot_9.png

Жол – экономиканың күре тамыры болып саналады. Себебі, жол қатынасы аудан әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды салалардың біріне айналды. Жол арқылы жолаушылар тасымалын жақсартып қана қоймай, жүк тасымалын ұлғайту арқылы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріледі. 

Тақтайдай теп-тегіс жол елді мекеннің сәні ғана емес, кез-келген көлік жүргізушінің арманы. Жол машақатын тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де тартып келеді. Сондықтан,  «Жол қадірін жүрген біледі» деген мақал бекер айтылмаса керек. 

 Ел экономикасын дамыту үшін бүгінде көптеген жобалар іске асырылуда. Сондай жобалардың бірі – 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Көлік жолдарын жақсарту арқылы еліміздің транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының сапасын көтеру және Қазақстан халқының көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету  жобаның негізгі мақсаты болып саналады. 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының көліктік байланыс саласының деңгейін көтеруге бағытталған екінші бағытында  екі міндет көзделген. Олар – ішкі көлік желісін дамыту және аумақтардың сыртқы байланысының сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Атап өтсек, ішкі көлік желісін дамыту бағдарламасы аясында он бір мың шақырым республикалық маңызы бар, жиырма жеті мың шақырым жергілікті жолдарды жаңадан салу және қайта жөндеуден өткізу жоспарланған. 2025 жылға дейін атқарылатын осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлығы, сондай-ақ, жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілетін болады. Сонымен бірге, қолға алынған жоба аясында Ұлттық стандартқа сәйкес, автокөлік жолдарының бойына екі жарым мыңға жуық сервистік нысандар салынады.

Бүгінгі күні Төле би  ауданының жұртшылығы мен қонақтары діттеген жеріне қиналмай жетіп алуы үшін жоба аясында жолдарды жөндеу жұмыстар қолға алынды. Нәтижесінде,  Төлеби  ауданында ішкі көшелерінің қанағаттанарлық пайызын 73-ден 75,8 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы, аудан көлемінде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішінде;

- облыстық маңызы бар жолдар-259,84 шқ, қанағатты–88,7 %;

- аудандық маңызы бар жолдар-144,05 шқ, қанағатты–87,4 %;

- елді мекеннің ішкі көшелері–680,1 шқ, қанағатты–73,0 %. 

Биылғы жылы  аудан бюджеті есебінен қаржы қарастырылып, елді мекендердегі 21 көшенің 38,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ,  Қаратөбе елді мекеніндегі С.Абдулла көшесін 4,063 шақырымы, Қасқасу елді мекеніндегі Көктөбе көшесінің 1,85 шақырымы,  Момынай елді мекеніндегі Ақтас көшесінің 5,6 шақырымы,  Қасқасу елді мекеніндегі Тастақ көшесінің 2,30 шақырым жолы жөнделуде.

Киелітас елді мекеніндегі Алмалы көшесін 1,45 шақырым және Бірлік көшесін 0,70 шақырымы, Әңгірата елді мекеніндегі Дегерез көшесінің  1,05 шақырым жолы, Әңгірата елді мекеніндегі Жастар көшесіннің 1,7 шақырымы,  Аққұм елді мекеніндегі Ащы көшесінің 1,1 шақырым жолы,  Нысанбек елді мекеніндегі Ордаган көшесінің 1,1 шақырым жолы,  Қосағаш елді мекеніндегі С.Әбдікерім көшесінің 0,7 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Зағамбар елді мекеніндегі Түркістан көшесінің  0,9 шақырым жолы, Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі Сырғанақты көшесінің  2,4 шақырымы, Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолын 0,2 шақырымы,  Зертас елді мекеніндегі Жаңақұрылыс-2 және Жаңақұрылыс-3 көшесінің  0,9 шақырымы жөнделуде.  

Ленгір қаласының С.Сәулембаев көшесінің 3,5 шақырым және Таскешу көшесінің 0,6 шақырымы,  Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Б.Рүстемов көшесінің  0,5 шақырымы, Ленгір қаласының Астана көшесінің 3,1 шақырымы Зертас елді мекеніндегі Сатпаев көшесінің 1,4 шақырымы, Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің 0,8 шақырымы, Тағайна елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2,1 шақырымы,  Бәйтерек көшесінің 1,1 шақырым, Ақпейіл көшесінің 0,6 шақырым, Ақжол көшесінің   0,3 шақырым жолын жөндеуге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, республикалық және облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар 2,6 шақырым Ақбастау-Әңгірата жолын орташа жөндеуге  қаржы қарастырылды.

Тұрғындар бүй дейді...
Киелітас ауылыныда әкіммен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу