Тілге құрмет - елге құрмет!

Oinet.kz 24-08-2022 344

Screenshot_8.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбаттарының бірінде «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», дей келе Ата Заң бойынша Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие екенін Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде айтқан болатын. Жолдауда Президент  "Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл - заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі", - деді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Төле би ауданында ауқымды істер атқарылып келеді. Айталық аудандағы ересек тұрғындарына тілдерді оқытуды жүзеге асыратын «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің де еңбегі жемісті. Қосымша білім беру нарығында он жылдай қызмет етіп келетін орталықтың аудандағы тілдерді оқытатын көптеген басқа да орталықтардан басты ерекшелігі – мемлекеттік тілді, орыс тілін сондай-ақ ағылшын тілін тегін оқытуы. Оқыту үдерісін Ұлттық стандартқа сәйкес «Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама» (қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі) негізінде 5 деңгей бойынша жүзеге асырады. Тіл үйренушілердің білімі «ҚазТест» жүйесі бойынша бағаланып, көрсеткен деңгейіне сай сертификат табысталады. Курсты жалғастыру тіл үйренушінің ниетіне байланысты жүзеге асады. 

 Қазіргі таңда, яғни жыл басынан бері Төлеби аудандық №8 колледж қызметкерлері мен қалалық аурухана қызметкерлеріне, сонымен қатар Леңгер қалалық «Яссин» медициналық орталығының мамандары, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерімен мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту курсы жүргізіліп, жұмыс жоспарына сәйкес орындалуда.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақ 

тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше. 

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту орталықтың басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз қызметін атқарып келе жатқан Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді  оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің алдағы атқарар оқу-әдістемелік жұмыстары, бағындырар белестері биік екендігіне орталық ұжымы кәміл сенімді.

Жыл басынан бері 17 рет кездесу өткізді
Ауыл шаруашылық саласында серпіліс бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу