Балалар кітаппен бірге өседі

Oinet.kz 03-08-2022 305

Screenshot_6.png

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялаған болатын. "Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек деп есептеймін" деген Мемлекет басшысы  бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз" деп нақты тапсырмалар берді.

Президент тапсырмасына сәйкес "Балалар жылына" орай Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  Жылыбұлақ ауылдық кітапханасында "Біз кітаппен бірге өсеміз" атты  жобасы аясында "Мен және менің кейіпкерім" атты дауыстап оқу өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа ертегілерді тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру. Балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл –ой белсенділігін арттыру. Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты,саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге,үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу. Ертегі түрлерімен жақынырақ таныстыра отырып, ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру.

Ауыл шаруашылығы - Түркістан облысының негізгі драйвері
Ауылдықтар коммуналдық мәселелерді көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу