Түлкібас аудандық Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Түлкібас аудандық Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы,Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей мен аудан әкімі Нұрлан Байғұт және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысындағы кемшіліктер айтылып,біраз ұсыныстар берілді. Халық қалаулыларының қатысып отырғанын пайдалана отырып аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл тұрғындары өздерінің арыз-шағымдарын,ұсыныстарын оларға жеткізді.
Атап айтқанда аудан әкімінің құзіретіне кірмейтін, шешімін таба алмай жүрген мәселелерді шешуге ықпал жасауды сұранды.Азық-түліктің негізсіз қымбаттауына байланысты әр ауданда ӘМАТ-тың қорын құру,лизингпен техника,кредит алуды жеңілдету үшін ауданда "КазАгроФинанс" тың бір өкілінің ауданда болуын, "Сайрам-Огем" ұлттық паркіне өтіп кеткен Даубаба ауылындағы жайылымды қайтару,аудандағы тоқтап қалған зауыттарды қайта іске қосу арқылы жұмыс орындарының ашылуына,"Казсушар" мемлекеттік мекемесінің мердігері "ВИК" компаниясының каналдарды жөндеуді тастап кеткендігінен тұрғындар екі жыл бойы сусыз отырғанын ,Састөбе ауылындағы емхананың жабу жөніндегі болып жатқан дау-дамайды,интернет жүйесінің өте нашар жұмысы тағы басқа мәселелерді шешуге көмек беруді сұрады.
Депутаттар көтерілген мәселелерді жазып алып,шешімін табуға атсалысатындарын айтып уәде берді.