Балаларға көмек көрсетіледі

Oinet.kz 16-08-2022 292

Screenshot_47.png

Ағымдағы жылы Түлкібас ауданы аумағындағы орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтағы 1698 баланы мектеп формасы және қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 59 млн. теңге қаржы бөлініп, ата-аналардың есепшоттарына аударылатын болады. Экономикалық есептеулер бойынша әр балаға 35 мың теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Бұл жайында бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт тың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек мәлімдеді.

Бұдан бөлек, демеушілер есебінен (әкімдік қызметкерлері, кәсіпкерлер, мектеп директорлары, депутаттар мен мекеме басшылары) «Мектепке  жол» акциясы аясында 150 балаға материалдық көмек берілмек. Бүгінгі таңда 62 оқушыға 1млн. 240 мың теңгеге демеушілер тарапынан қолдау көрсетіліп отыр. Аталмыш акция ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жалғасын табады және оған ниет білдірген әр азамат қатыса алады.

Сонымен қатар, лездемелік жиынның күн тәртібінде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша мемлекет басшысының тапсырмасының іске асу барысы мен аудан бюджетінің және салық түсімдерінің орындалуы қаралды.

Дәстүрге сай жиынды қорытындылаған аудан басшысы бірінші кезекте жаңа оқу жылына дайындық мәселесіне тоқталып, жауапты бөлім басшысына әр орта білім беру мекемесінің жаңа оқу жылына дайындығын қатаң бақылауын тапсырыды. Осы бастан барлық нысандардың қысқа дайындық мәселесін бақылауға алып, тиісті жұмыстарды атқару қажеттігін ескертті.

Аудандық бюджеттің негізгі бөлігін құрайтын салық түсімдерін ұлғайту бойынша жауапты орынбасары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, көлік және жер салығының бершектерін өндіру бойынша жұмысты жандандыру керектігін ескертті.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда аудан бойынша өткен жылдан қалған 1792 жеке тұлғаның көлік салығы төленбей отыр.


Балық емес қармақ бер!
Білім саласындағы мәселелер шешімін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу