«Zhas Project» - жастарға берілген үлкен мүмкіндік

Oinet.kz 04-08-2022 247

Screenshot_35.png

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жұмыссыз жастардың үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын аталған жоба енді Түркістан облысында да жүзеге аспақ. Аталған жоба аясында Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. 

Жобаны өңір жастарына насихаттау және түсіндіру мақсатында Түркістан Облыстық Жастар Орталығы басшысы Ерасыл Толебаев және «Жастарға қызмет көрсету және NEET жастармен жұмыс» бөлімінің инспекторы Камал Айбар Сайрам ауданында Түлкібас және Төлеби аудандарын жинап, кездесу өткізді. 

Сайрам аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар берілетінін мәлемдеді. Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады.

Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.

Айта кетейік, жоба үш компоненттен тұр­ды. Олардың ішіндегі ең ірісі – Zhas Project гранттық бағдар­ла­ма­сы. Екінші компонент жас­тарды дамытуға жауапты ведом­ство – Білім және ғылым ми­нистрлігін, Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігін инс­ти­ту­ционалдық дамытуға бағыт­тал­ды. Министрліктердің жас­тар сая­сатындағы институцио­налды­лығын шешу және нығайту, жас қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін түрлі мақсат қойылды. Үйлестіру агенттігі 2017 жылы қанатқақты жоба ретінде Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында қолға алып, кейіннен оған Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары қосылды. Жоба қолға алынған алғашқы екі жылда оған 5508 жас тартылып, олардың тарапынан 1616 жоба ұсынылды. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарға тоқталар болсақ, жастары 18-29 жас аралығындағы және сол жоба жүзеге асырылатын аймақта тұрулары қажет.«Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын әр жоба тек жастардың өзіне ғана емес, олар өмір сүретін қоғам үшін маңыздылығымен ерекшеленеді. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол әр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шәкіртақы беріледі.

Түлкібаста биыл 3 мектеп пайдалануға берілмек
«Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ шығарылымы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу