Шаштараздың табысы шаш-етектен

Oinet.kz 19-07-2022 281

Screenshot_7.png

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы  жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Жұмыссыздықтың басты себептерінің бірі мамандығының сұраныста болмауы не болмаса жұмыссыз адамның мүлдем мамандығының болмауы. Қазіргі таңда үшінші мегаполистің экономикалық әлеуеті артып келеді. Қалада зауыт-фабрика, өндіріс орындары артуда. Бұл дегеніміз көптеген жұмыс орнының ашылуы және жаңа мамандықтарға деген сұранысты арттырады. Міне, осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында ұлттық жобаның кәсіптік білім беру деген бағыты бар. Аталған көмектің шарапатын ордабасылық тұрғындр да көріп келеді. Солардың бірі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде мемлекеттен қолдау тапқан Шұбарсу елді мекені, Атамекен ауылының тұрғыны  Гүлзат Айдарова. Ол былтырғы  жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бастау - Бизнес» кәсіптік оқуына қатысып, сертификат алған. 

Сондай-ақ, мемлекеттік  грантқа жауапты комиссияға «Шаштараз  ісі» бойынша өз бизнес жоспарын ұсынған. Нәтижесінде жоба мақұлданып, 400 АЕК (1 225 200тг) грантқа қол жеткізді.  Бөлінген қаражатқа керекті құрал - жабдықтар алып, қазіргі таңда тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Бүгінде кәсіп ашу жұмыссыздықпен күрестің басты құралына айналып отыр.  Өйткені барлығына мемлекеттік мекемеден жұмыс тауып беру мүмкін емес. Әрі кәсіп ашу жұмыссыздықты азайтумен қатар өңірдің экономикасының дамуына да ықпал етеді.  Сол себепті кәсіп ашамын, бизнес бастаймын дейтін азаматтарға қолдау көп. 

«Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, нағыз жаза – жұмыссыз қалу шығар» дейді Қадыр ақын. Сондықтан қай-қайсымыз, әсіресе, жастар «жұмыс жоқ» деген сылтауды ысырып қойып, іздену керек, еңбектену қажет. Оның үстіне мемлекет жұмыссыздарға «балық орнына қармақ беретін» «Еңбек» секілді бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Ендеше, қолыңнан іс келіп тұрғанда, күш-жігерің барда қолдауды барынша пайдалан!

Жүздесуде айтылған мәселе орындалды
Әр азаматтың ұсынысы тыңдалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу