«Ауыл – ел бесігі» арқылы 105 елді мекенде жобалар жүзеге асырылып жатыр
Бұған дейін 2019 жылдан бастап "Ауыл – Ел бесігі" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында қолға алынған. Бүгінде жоба аясына бөлінген қаржы игеріліп, ел игілігі үшін қыруар жұмыстар атқарылуда. Бұл жобаның шеңбері 6,9 миллион адам немесе ауыл халқының 89%-ы тұратын 3561 перспективалы ауылды қамтиды. Ауылды дамыту аса маңызды. Себебі ауыл - мемлекеттік негізі.
Аталған жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру. Оның айтуынша, алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру болып табылады.
Жобаның шеңберінде 3,5 мыңнан астам перспективалы ауыл айқындалды, онда еліміздегі ауыл халқының 90% - ға жуығы тұрады. Атап айтсақ,1 173 тірек және 2 388 спутниктік ауыл іріктелді.
Осы орайда биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр. Жобаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды уақытылы тапсыру керектігін айтқан облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, тамыздағы дерекке сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306,7 млн. теңге үнемделген.
Мәжілісте мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы аяқтау, қаржыны заң талабына сай мерзімінде игеру мәселелері қозғалды. Құрылыс басқармасы мен Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Бәйдібек, Келес аудандары және Арыс, Кентау қала әкімдіктеріне жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.