Сапалы білім алуға барлық бала құқылы

Oinet.kz 24-03-2021 457

Screenshot_3.jpg

Соңғы жылдары елімізде инклюзивті білім беру жүйесі қолға алынып келеді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Осы орайда таяуда Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Инклюзивті білім беру және өзін-өзі тану» бөлімі шаһардағы жалпы білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету жұмыстарының әдістемелік негіздерін ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында «Дефектологтің жұмыс жасау алгоритмі» тақырыбындағы ZOOM платформасында конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға білім беру мекемелерінен үйде оқытатын педагогтер мен педагог-психологтар, педагог-дефектологтар белсенді қатысты.

Жиынды Әдістемелік орталықтың директоры  Меруерт Медетбекова ашып, сапалы білім алу үшін жағдай жасауды заңды түрде қамтамасыз ететін отандық нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасауға назар аударуға шақырды.Сондай-ақ қалада Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Конференция барысында ұйымдастырушылар жалпы білім берудің инклюзивтілік принципінің негізгі мазмұнын ашуды, сапалы білім алу үшін жағдай жасауды заңды түрде қамтамасыз ететін отандық нормативтік құқықтық актілермен таныстыру және педагог - дефектологтың жұмыс жасау алгоритміне жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Нәтижесінде қатысушылар тақырып аясында көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алып, ұсыныс, пікірлерін берді.


Баланың тәртібіне ұстаз ғана емес ата-ана да жауапты
Түркістандықтар судан тапшылық көрмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу