Баланың тәртібіне ұстаз ғана емес ата-ана да жауапты
Шымкент қалалық білім басқармасы мен басқармаға қарасты әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында онлайн конференция өтті.
Жиынның мақсаты - Президент Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру аясында жалпы білім беру және ТжКБ ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, ата-аналардың құқықтық білімін жетілдіру.
Аталған конференцияны әдістемелік орталықтың директоры М.Медетбекова жүргізіп отырды. Жиынға білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты. Конференция барысында жалпы қала аумағында жасөспірімдер арасында орын алған құқықбұзушылық туралы Шымкент қаласы полиция департаменті Ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сапарғали Мамытов тоқталып өтті. «Қалада балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыұқтар мен қылмыс саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір азайып отыр. Бұл мамандардың әрдайым рейдтік шараларды жүргізіп отыруымен және білім ошақтарымен тығыз жүмыс істеуінің арұасында мүмкін болып отыр. Осы ретте айтарым баланың тәртібіне тек полиция немесе мұғалім ғана жауапты емес, бірінші кезекте әрбір ата-ана перзентінің бос уақытын қадағалап, түнгі уақытта көшеде жүрмеуін бақылауға алуы керек»,- дейді Сапарғали Елеуұлы.
Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша Абай ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сәкен Сиездұлы, әл-Фараби ауданы бойынша Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Болат Қуанышұлы, Еңбекші ауданы бойынша Еңбекші ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Оңласбек Базарбайұлы, Қаратау ауданы бойынша Қаратау ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Батырхан Қоңырұлы баяндама жасады.
Конференция ашық диалог түріндегі өткізілді. Жиын соңында кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстар берілді.