Түркістандықтар судан тапшылық көрмейді

Oinet.kz 25-03-2021 766

fd8a7460-e048-4777-b978-68318694882a.jpeg

Түркістан қаласының дамуы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасымен бүгін қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталығын аралау барысында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іске асып жатқан су резервуары мен су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстарын бақылады.

Б.Майлин көшесіндегі құрылысы жүріп жатқан жаңа су резервуарының құрылысы наурыз айында басталған. Нысан жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Шаhар басшысы мердігерлерге бұл нысанның қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтып, жұмысты ширақ әрі сапалы орындауды міндеттеді.

Бұдан өзге, биыл наурыз айында Мақтазауыт аумағы, I және II шағынаудандарда, "Шавгар" мөлтек ауданы, сондай-ақ орталық су қоймасына екі дана қосымша сыйымдылығы 5 мың текше метр болатын резервуарлардың құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса 6 мыңға жуық абонент таза ауыз сумен қамтылады.

e7dbeb34-ca5f-4a21-a162-a4f907df5b56.jpeg

Қазіргі уақытта одан өзге Н.Төреқұлов көшесі бойындағы және Бірлік тұрғын үй массиві мен Яссы және Шавгар мөлтек аудандарында ауыз су құбырларының құрылысы, желілерді реконструкциялау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау жұмыстары әзірленуде. Бұл аумақтардағы абонент саны 3 мыңға жуықтайды.

Қала әкімі Рашид Аюпов инфрақұрылым жұмыстарының жобаға және кестеге сай жасалуын тапсырып, жұмысты ширату қажеттігін айтты. Айта кетейік, іске асып жатқан жұмыстар "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан жүргізіліп жатыр.


Сапалы білім алуға барлық бала құқылы
Шөкеев әкімдерге карантин талаптарын шұғыл тексеруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу