Шөкеев әкімдерге карантин талаптарын шұғыл тексеруді тапсырды

Oinet.kz 25-03-2021 738

6f8ac57b-236a-444b-83a4-db7a7ea8d71a.jpg

Түркістан облысында өңірдің мемлекеттік зертханаларында өткен тәулікте 1,5 мыңға жуық адам тексерілді. Зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 пайызға көбейген. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус анықталған бес адамың үшеуінің дерті симптомсыз өтуде.

8268b11e-4225-4b20-a3a1-7b49e7edceed.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер айтылды. Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, өңірдің мемлекеттік зертханаларында өткен тәулікте 1,5 мыңға жуық адам тексерілді. Зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 пайызға көбейген. Облыс аумағында медицина қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін салдырды.

708599f5-c8ee-4d3c-94ef-b0308b643986.jpg

Барлық аудан, қалаларда мобильді топтар жұмыс істеуде. Карантин режимін бұзғандар бойынша шұғыл ақпарат бір сағат ішінде Үйлестіру орталықтарына жолдауы тиіс. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, карантин талаптарының сақталуын шұғыл түрде тексеруді тапсырды.


Түркістандықтар судан тапшылық көрмейді
Түркістанда азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу