Түркістан облысында құрылыспен айналысуға 1096 өтініш қабылданған

Oinet.kz 03-03-2021 402

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысындағы құрылыс алаңдарында заң талаптарын сақталмаған үшін жалпы компанияларға салынған айыппұл көлемі 28 миллион 935 мың 945 теңгені құрады. Соған қарамастан білікті басшы, іскер азамат Өмірзақ Шөкеев басшылық жасаумен құрылыс алаңына айналған өңірде соңғы жылдары осы салада еңбек етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл туралы  облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов мәлімдеді.

Брифинг берушінің баяндауынша, облыс аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған.

– Түркістан облысының аумағында былтыр 715 жоба бойынша нысандардың құрылыстарын монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ, басқармада өткен жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысанына тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар негізінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарына сәйкес 153 хаттамамен шара көрілген,деді Тарту Орынтайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай заң талаптары сақталмаған үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 29 миллион теңгеге жуықтайды. Негізінен, облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан бес түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл қызметтердің барлығы да екі жылдан бері толығымен 100 пайыз электронды түрде көрсетіліпи келеді. Былтыр құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096 өтініш қабылданған.


Түркістан облысы мектептері аралас форматта оқытуды бастады
Инвесторлар Түркістан облысы басшылығына алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу