Бір алқапта 2-3 өнім еселеп алған диқандар онлайн сауда жасауда

Oinet.kz 19-03-2021 1451

index.jpg

Түркістан облысының диқандары бір алқаптан жылына 2-3 өнім алып, жемісін базарға шықпай-ақ онлайн сатуда. Бұрынғыдан 2-2,5 өнім есе көп өнім алған шаруалар былтыр қосымша 18,4 миллиард табыс тапты. Бұл туралы Сарыағаш ауданының «Жартытөбе» ауылдық округіндегі «Тәуекел» шаруа қожалығында «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі» тақырыбымен өткен облыстық семинар-кеңесте айтылды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды. Былтыр бұл бағытта 128 ауыл округте 5,2 мың гектарға 2 мың жоба жүзеге асырылып  262,5 мың тонна өнім өндірілді. Тәжірибе көрсеткендей, жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7-8 млн. теңгеге дейін табыс табуға болатындығын көрсетті. Әлемді жайлаған пандемия өршіген тұста Түркістан облысында егістік алқаптардан алынған өнімнің онлайн саудасы дамыды.

– Облыстағы жылыжайлардың 35 пайызы осы Сарыағаш ауданына тиесілі. Біз, өнімді ең ерте алатын өңірміз. Сатудың да қиындығы жоқ. Арнайы сайттар бар. Солардың санын көбейту керек. Өнімді өздері алып кетеді. Бір алқаптан 2-3 өнім алуды қолға алғанда көбі сенімсіздікпен қараған болатын. Қазір біз осының тиімділігін дәлелдедік деуге болады. Үй іргесінде табыс табу үшін израильдік технология енгізілді, – деді облыс әкімі.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығынан бастап, ғалымдар, аудан, қала, ауыл әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.


Үйден шықпай-ақ құжат рәсімдеуге болады
Түркістан облысында биыл 2760 жоба жүзеге асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу