Үйден шықпай-ақ құжат рәсімдеуге болады

Oinet.kz 12-03-2021 824

Screenshot_8.jpg

Бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы карантин кезінде өз жемісін берді. Өйткені, енгізілген шектеулерге байланысты құжаттандыру жұмыстарының көбі онлайн түрде жүзеге асырылды. Нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын сонар кезек жойылып, халықтың электронды үкімет порталын тұтыну көрсеткіші жақсарды. Айтып өтейік, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін құжаттың 80 пайызын үйден шықпай-ақ алуға болады. 

 Аталмыш бағдарламаның жемісін бүгінде шымкенттіктер де көріп отыр. Қаладағы  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ. Қызметтің басым түрлері электронды түрде көрсетіледі. «Электронды форматта 600-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлері бар. Мәселен туу туралы куәлікті, балабақшаға кезекке қою, жәрдемақыларды тағайындауды қалта телефонының көмегімен рәсімдеуге, автокөлікті қайта тіркеуге, жүргізуші куәлігін қайта алуға болады»,- дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Бүгінде үйде отырып-ақ   Халыққа қызмет көрсету орталығының кез-келген қызмет түрімен танысуға болады. Тек ғаламторға қосылған ұялы телефоныңыз болса болғаны. Ал, Телеграм ботарқылы кезекті броньдауға болады және бұдан бөлек те қаншама қызмет түрін пайдалануға болады.

«Біз күнделікті 700-800 адамды қабылдаймыз. "Өз-өзіне қызмет көрсету" бұрышымыз бар. Ол жерде үйрететін мамандарымыз жеткілікті. Олар түрлі мәселемен келген адамдарға өздігінше қызмет алуға жәрдемдеседі»,- дейді Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Қайрат Меңлібеков.

Айта кетерлігі, мүмкіндігі шектеулі, және 60-тан асқан қарт кісілерге де жеңілдіктер қарастырылған.Оларға арнайы қызметкерлер тағайындалып, керек кезде үйге барып ақпарат береді. Сондай-ақ егер мүлкіңізді рәсімдейтін болсаңыз арнайы мамандардың көмегімен лезде шешуге болады. Бұл деген Халыққа қызмет көрсету орталығының сапасының жақсарғандығын білдіреді.

 


«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 403 квота бөлінді
Бір алқапта 2-3 өнім еселеп алған диқандар онлайн сауда жасауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу