«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 403 квота бөлінді
Шымкенттегі Репродуктивті Медицина Институтының ашылғанына биыл 1 жыл толды. Бұл орталық жұмысын бастағаннан бері жергілікті тұрғындар жоғары сападағы көмек алуға бір қадам жақындай түскен. Сонымен қатар, миллионды қаланың медициналық туризімінің дамуына септігі тиюде.
Бүгінгі күннің бас ауыртып, балтыр сыздатқан бедеулік мәселесі басты назарда. Осы орайда, емдеудің толық циклын жасайтын,Репродуктивті Медицина Институты- еліміздегі бірінші әрі жалғыз орталық болып табылады. Клиника 250 науқасты бір аусымда қабылдауға қауқарлы. Орталықтың жоғары тиімділігі жылына 3000 ЭКО бағдарламасын, сондай-ақ, 2000 лапароскопиялық операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. «2020 жылы біз бедеулікке шалдыққан 9000 мыңға жуық науқас қабылдадық және алғашқы нәрестелер туыла бастады. Кәзіргі таңда репродуктивті медицина көмегіне жүгінген әйелдердің көбісі жүкті.Біздің орталықта гинекологияға қатысты барлық қызметтер ұсынылады.Біздің орталықта консультациялық бөлім бар. Біздің дәрігерлер бүкіл аймаққа, сонымен қатар Түркістан,Қызылорда облыстарына, Тараз қаласына және басқа да облыс орталықтарына барады»,- дейді РМИ орталығының директоры Диана Есіркепова.
Медицина орталығының жобасы Еуропалық мамандардың тәжірбиесіне сүйене отырып, әлемдік сапа стандартына сәйкес жүргізілген. Мұндағы ота блоктары, эмбриологиялық зертхана залалсыздандырылған ауамен қамтамасыз етілетін бөлме ретінде жасалған. Мақсат емдеудің тиімділігін едәуір арттыру болып табылады. Соңғы жылдары бала сүйю бақытына кенелгісі келген шымкенттік жанұялардың саны едәуір есе артқан көрінеді. Бұл тізімнен түркістандықтарда қалысар емес. Сұраныстың салдарынан ашылған орталыққа бүгінде қала әкімдігі де қолдау білдіріп көмегін көрсетуде.
Айта кетейік, Президенттің пәрменімен ағымдағы жылы Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылған еді. Нәтижесінде ЭКҰ-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылады, оның ішінде Шымкентте 2021 жылға 403 квота бөлініп отыр. Аталған орталық бағдарама аясында сәби сүйгісі келетін жанұяларға сапалы қызмет көрсетуге дайын.