Шымкент - инвестицияға тартымды қала

Oinet.kz 04-03-2021 737

Screenshot_6.jpg

Қазіргі таңда өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеру мәселесі өзекті болып тұр. Әсіресе, бұл мегаполистерге қатысты жиі айтылады. Еліміздің үшінші қаласы – Шымкент екені айдан анық. Бұл бағыттағы мемлекеттік тапсырманың маңыздылығы күн санап артып отыр. Шымқала экономикасының жылдан-жылға инвесторлар үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып келе жатқанын айта кеткен жөн. Осы орайда шаһарда  кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның арқасында былтыр инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд.теңгеге жетті. Өсім бойынша, республикада 17-орыннан 2-ші орынға шықты. 

    Өткен жылы 2020-2025 жылдар аралығында іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленген болатын. Оған құны 1,4 трлн.теңге құрайтын 157 жоба енген.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов өз сөзінде «Биыл Шымкентке 330 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды, өсімі 26 пайызды құрамақ. Әр инвестордың Шымкентке салған инвестициясы қаламыздың әлеуетін арттырады. Сондықтан инвесторларды қолдауға шақырамын, - деген еді.

  Шымкент – инвестицияға тартымды қала. Ірі құрылыс, ойын-сауық, сәулеттік жобаларға қомақты қаржы салу үшін инвесторлар да қолайлы орта іздейді. Еліміздің оңтүстігіндегі халқы тығыз орналасқан, еңбектің қайнаған ортасы саналатын, дамудың жолымен жүріп келе жатқан Шымкентке қаржы салу инвесторлар үшін тиімді болса керек. Оған қоса Шымкент сауда, экономикалық, бизнес-әріптестік әлеуеті жоғары мегаполис.  Шымкенттің инвестициялық әлеуетін арттыру, мүмкіндіктерін зерделеп, жетілдіре түсу алдағы уақытта жалғаса бермек.


Жол сапасы артып келеді
Қауіпсіз қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу