Қауіпсіз қала

Oinet.kz 04-03-2021 673

Screenshot_7.jpg

Шымкент қауіпсіз қала болуға тиіс. Сол себепті шаһарда  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, былтыр Шымкентте 9 723 қылмыстық іс тіркеліп, 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш және 1802 компьютерлік техника алынды. Кешенді іс-шаралардың арқасында    құқықбұзушылықтар 2019 жылы 2498 болса, былтыр 1517, яғни 981 жайтқа азайып, 39,3 пайызға азайған.  Бұл жұмыс биыл да қарқынды жалғасуда. 

Баршаға белгілі, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  аясында, полиция органдары құқықбұзушылықтарды бекіту  бойынша электрондық планшет, бейнежетондармен қамтамасыз етіліп, жылдамдықты өлшейтін арнайы өлшеу құралдары орнатылған. Құқықбұзушылықтың азаюына бұл да өз септігін тигізіп отыр. 

Қалада қазір 2479 камера жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге биыл «Сергек» жүйесін енгізіліп, қосымша 3 740 камера қойылады. Оның 2240-ы көшелерге, бір жарым мыңы аулалар мен қоғамдық орындарға орнатылмақ.

Карантин уақытында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істегенін айта кетейік.  Қала аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған дер кезінде заңды шешім қабылдау мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылды.  Нәтижесінде, ұрлық бойынша көрсеткіш бірден 61,0% пайызға азайып отыр.  Тонау фактілері 70,0 % кеміген. 

Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов қалада алдағы уақытта қылмыс пен құқықбұзушылық жәйттері еселей кемитініне сенімді. Себебі, халықпен кездесуді, әсіресе шалғай аудан-ауылдарға жиі бұрылуды, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.


Шымкент - инвестицияға тартымды қала
Шағын және орта бизнес – қала экономикасының драйвері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу