Жол сапасы артып келеді

Oinet.kz 04-03-2021 662

Screenshot_5.jpg

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Осынау уақыт ішінде Шымкент алшаң басып, алға қарай дамыды. Осы жылғы бюджет 463 млрд. теңгеден асса, отыз жыл бұрын қаланың қазынадағы қаржысы 1 млрд. болған. Қала аумағы да кеңейе түскен. Шаһардағы жол 832-ден, 3060 шақырымға жеткен. Жолдың сапасы да мегаполис атына сай жыл сайын жаңарып, ұзарып келеді. 

Мәселен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында өткен жылы Шымкент қаласында 417 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы саны 229 көше жөнделген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 60 %-ға жетткен. Былтыр 4 көпір жөнделіп, 4 көпір салынды. Осылай деген сала мамандары  одан бөлек, биыл 109 көше жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 63 %-дан асады дейді. Ал Д.Қонаев даңғылындағы жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады. 

«Биыл Д.Қонаев даңғылын жалғастырамыз. 18 шақырымнан астам жол жөнделеді. 31 шақырымнан астам құрайтын А-2 айналма жолының қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жолдардың құрылысын 2024 жылға дейін пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде, Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолды байланыстырады және қаланың транзиттік әлеуеті артады», - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Сондай-ақ, жыл соңына қарай Т.Рысқұлов пен Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталады. Биыл Бәйдібек би – Ұ.Арғынбеков, келер жылы Н.Назарбаев және Ә.Назарбеков даңғылдарындағы жолайрықтың құрылыс басталмақ.


Сапалы ауыз сумен қамту 95,6 пайызға жетті
Шымкент - инвестицияға тартымды қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу