Сапалы ауыз сумен қамту 95,6 пайызға жетті

Oinet.kz 04-03-2021 484

Screenshot_3.jpg

Қалада инженерлік инфрақұрылым өзекті мәселе. Оның бірнеше себебі бар. Халық саны жедел өсуде. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылды. Бұған қарамастан қала тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп келеді. 

Үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде  тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту 95,6 пайызға жеткенін хабарлаған болатын.  «Қаладағы инфоқұрылымды дамыту – басты міндеттердің бірі. Бұл ретте, өткен жылы 17 тұрғын алабы және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты. Қазіргі уақытта қаладағы 81 тұрғын алабының 69-ы орталық ауыз су жүйесіне қосылған. 5 тұрғын алабы кестемен болса, 7 тұрғын алабы суды тасып ішіп отыр. Осы мәселені шешу барысында биылғы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды және 7 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі. Нәтижесінде «осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі, - деді қала әкімі. 

Еске сала кетейік,  2010 жылдан бастап қалада 2 МВТ бойынша күн және су қуаты станциялары салынып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде  947 шақырым сумен жабдықтау желісі және 67 шақырым кәріз желісі реконструкцияланды. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы ауыз суды өндіру және тасымалдау тәсілдері жаңғыртылды. Бүгінде тазарту нысандары автоматты режимде басқарылады. 


115 заманауи спорт алаңы салынады
Жол сапасы артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу