Жамбыл облысында туберкулезге шалдыққан науқастардың әлеуметтік жәрдемақылары төленбеген

Oinet.kz 16-04-2019 886

Screenshot_6.jpg

Шу ауданаралық прокуратурасымен туберкулезбен ауыратындардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның қызметіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, әкімдікпен бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақы толық көлемде төленбегені анықталды.

Мұның себебі, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы туберкулезбен ауыратын науқастардың емделу мерзімінде, яғни 1-санаттағылар 6-8 ай және 2 санаттағы 8-10 ай мерзімінде кезеңінде 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы заңсыз шешімі.

Прокуратураның ұсынуының негізінде мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізіліп, аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2 есе, яғни 10 мың теңгеден 21,8 мың теңгеге дейін жоғарлатылды, ал әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.

Қайрат Молдасейітов 16 отбасыға үй сыйлады
Шымкенттегі түрменің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу