Ордабасы: Шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді

Oinet.kz 21-09-2020 444

Елордада кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны артты | Жаңалықтар |  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ордабасы ауданында шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді. Атап айтсақ, 116  азамат мал шаруашылығын дамыту (111 азамат 410 320,0 мың теңге) және жолаушылар тасымалдау (5 азамат 28 150,0 мың теңге) мақсатында 438 466,0 мың теңге шағын несие алып, кәсібін дамытуда.

40 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарында оқыды, оқыған азаматтар арасынан 4 адам шағын несие алды, 26 азамат  жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант алды.

Бағдарламаның  3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 5126 азамат орналасты, оның ішінде 4964 азамат  бос  жұмыс  орындарына,  162  азамат  жаңа  жұмыс  орындарына  жолданды.

Айта кетейік, ауданда әлеуметтік  жұмыс орындарына  122 нысаналы  топтағы  азамат жолданды, жастар  практикасын 280 азамат 29 жасқа дейінгі жас азаматтар  жолданды, ал ақылы  қоғамдық  жұмысқа 191 азамат жолданды және мүмкіндігі шектеулі 161 адам жұмыспен қамтылды.

Ордабасы: Жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларға басымдық беріледі
Ордабасы: Суармалы жерді игеру – халықтың әл-ауқатын арттырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу