Ордабасы: Суармалы жерді игеру – халықтың әл-ауқатын арттырады

Oinet.kz 21-09-2020 493

Суармалы жерлерді 2028 жылға дейін дамыту жоспары ұсынылды

Бұл бағыттағы жұмыстар Ордабасы ауданына қарасты Қарақұм ауыл округінде де ширап келеді. Суармалы жерді игеру, жаңадан қосылатын суармалы жер, тамшылатып суару технологиясын ендіру 100 пайызға орындалды.

Ауыл округінде «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Жалпы өткен жылға Қарақұм ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 103 млн. 378 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы – 365 мың, мүлік – 462 мың теңге, көлік – 4 млн. 145 мың теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер – 75 мың теңге.

Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 8 кездесу өткізілді.

Ордабасы: Шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді
Ордабасы: Мал шаруашылығы мемлекеттік бағдарламалар бойынша дамытылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу