Ордабасы: Жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларға басымдық беріледі

Oinet.kz 20-09-2020 637

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021  жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру | Қазақстан Республикасының  Электрондық үкіметі

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Ордабасы ауданында да халықты жұмыспен қамту бүгінде күн тәртібіндегі бірінші мәселелердің біріне айналған. Қазірде осы бағытта ауданда арнайы мекемелер жұмыс жасап, мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті   дамытудың 2017-2021  жылдарға   арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасын  іске  асыруға  541 328,0 мың теңге қаралып, Ордабасы ауданы бойынша жұмыспен қамтудың кешенді жоспары аясында 4676 адам қамтылатыны  жоспарланды өткен  жылдың қорытындысымен «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасына  6560 адам қатыстырылды.

Бағдарламаның 1 бағыты «”Еңбек” бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша  кәсіби даярлауға нысаналы топтағы (ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері т.б) 194 азамат жолданды. Қысқа мерзімді оқу курстарына 11 мамандық бойыша  313 азамат жолданды

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бойынша  көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 372 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант алып, өз кәсібін ашты.

Ордабасы: Футбол алаңшасы қолға алынды
Ордабасы: Шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу