Ордабасы: Ерекше көшет отырғызылды

Oinet.kz 15-09-2020 430

СҚО тұрғыны бақшасына қарбыз егіп, 2 тоннаға жуық өнім алды

Ауыл шаруашылығы Ордабасының жетекші салаларының бірі болып табылады. Ауданда ауыл шаруашылық өнімнің көлемін арттыру мен оны түрлендіру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ерекше қарбыз көшеті.

Өңірде алғаш рет аз шығын шығарып, табысты өнім алу арқылы Шұбар ауыл округінің Тоқсансай елді мекенінде 130 гектар тәлім жерге «BS-Agro Product» ЖШС суғарусыз әдіс арқылы «Сitrullus Lanatus (Мalali)» қарбыз көшетін отырғызып, 23 тонна қарбыз дәнін алды. 

Алынған дәннің килограммын 820 теңгеден 19 млн. теңгеге АҚШ мемлекетіне экспорттады. Жалпы 130 гектар бақшаны күтіп баптауға кеткен шығын көлемі 5,0 млн. теңге. Таза табысы 14 млн. теңгені құрады.

Егістік жерлерді тиімді пайдалану бағытында да ілгерілеушілік бар.

Осы жылы Қажымұқан ауыл округінен 387 гектарға қарбыздың осы сұрпын егу жоспарланды. Былтырдың өзінде Ордабасыда тамшылатып суару әдісі 760 гек­тар жерге енгізіліп, жалпы аумағы 1787 гектар болған. Бұл тех­нологияның тиімділігі – ағын су 2 есеге дейін үнемделіп, дақыл­дарға қажетті минералды тыңайтқыштар агротехникалық талаптарға сай шығынсыз беріледі, егілген дақылдан алынатын өнім көлемі 1,5 есеге дейін артады. 

Жалпы ауданда агросек­тор­дағы жаңа технологияларды игеру бағытындағы оң өзгеріс­тер бар.

Ордабасы: Шаруалар шетелдік әдістің тиімділігін көріп отыр
Ордабасыда шаруашылық өнімдерді еселенді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу