Ордабасы: 10 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі

Oinet.kz 15-09-2020 444

КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ | DIDARBEK.kz

Биыл Ордабасы ауданында 10 каналға (Бөржар а/о Алпар, Мұсабек каналдар,  Бадам а/о Керіш каналы, Шұбар а/о  Бағлан каналы, Қажымұхан а/о Найман, Құртай, Қазыналық, Шабай, Бозшымыр, Айыр каналдары)механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, каналдардың су өткізгіштік қабілеті артып, ағын сумен толық қамтылады және өнім көлемі артатын болады.

Соңғы 5 жылда аудан көлемінде 19 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, 2015 жылы 10 каналға Қажымұқан ауыл округінен Шабай, Бозшымыр каналдары Қараспан ауыл округінен Р-2, Р-8, Р-8с, Р-10хв, Р-14-2, Р-18, Р-20, Р-22-3, 2018 жылы Төрткөл ауыл округінен  «Шаян», «Р-11-С», «Р-12» каналдарына, Шұбар ауыл округінен «Шұбар-Қайшылы», «Қозыке», «Ақтұмсық» каналдарына 2019 жылы Қажымұқан ауыл округінен «Қызылсеңгір», «Маса» каналына және қараспан магистралды каналының 6 км жүргізілген.

Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, 9 000 гектарға (30 пайыз) ағын су жетіспеушілігі туындайды.

Өткен жылы 3 каналға (Республикалық бюджеттен Қажымұхан а/о Қызылсеңгір, Маса жалпы ұзындығы 20,6 шқканалдарына 10 млн. 068 мың теңгеге,  облыстық бюджеттен Қараспан ауыл округіндегі Қараспан магистралды каналының 6,2 шақырымына құны 12 млн. 525 мың теңге) механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 227 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

Жалпы ауданда жалпы 85 канал, 231 дренаж, 3 су қойма,33 131 га суармалы жер бар.

Республикалық меншіктегі  жалпы каналдың ұзындығы 153 км, суармалы жер көлемі 3932 га, Облыстық меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 420 км, суармалы жер көлемі 19 828 га, коммуналдық меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 105 км суармалы жер көлемі 2986 га, жеке меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 149 км суармалы жер көлемі 5084 га құрайды.

Ордабасы: Жылыжай салуға ниет білдірушілер қатары артты
Ордабасы: Шаруалар шетелдік әдістің тиімділігін көріп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу