Түлкібас: Отандық өндіруші – тамақ өнімдері қауіпсіздігінің кепілі

Oinet.kz 12-06-2020 1090

image.png

Азық-түлік бағасын тұрақты ұстау Қазақстан үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі. Ал, отандық өнімді қолдау жөнінде Елбасы өз жолдауында да айтқан болатын.

Бүгінде түлкібастықтар отандық өнімді қолдау мақсатында үлкен нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр. Сондай-ақ, оның жүзеге асуына аудан әкімдігі де атсалысып отыр.

Отандық өнімге қолдау көрсету бүгінгі заманның басты талаптарының бірі. Осыған орай бүгін аудан әкімі Н.Байғұт ауданымызға қарасты Түлкібас кентіндегі «Песня-Лета» ЖШС-не арнайы барып, бүгінгі жай-күйімен танысты. Бұл жердегі басты мақсат елімізде орын алған төтенше жағдайдың кәсіпорынға тигізген зардабын анықтау, кәсіпорын жұмысының жандануына ықпал жасап, қолдау көрсету.

Кәсіпорынды аралау барысында аудан басшысы мекеме өкілімен сұхбат құрды. Сұхбатта мемлекет тарапынан кәсіпорынның қуаттылығын ұлғайту мақсатындағы атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыланды.
2018 жылы Түлкібас консерві зауыты жанынан қайта құрылған «Песня-Лета» ЖШС-і жылына 15 мың тонна жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдеп, 8 түрлі 100% табиғи шырын мен көкөніс консерваларын шығарады. Кәсіпорынның ерекшелігі шығарған өнімін тек ғана шыны ыдыстарға құяды.

«Шыны ыдысқа құйылған өнім дәреумендердің ұзақ сақталуына мүмкіндік береді»-дейді, кәсіпорын мамандары.
Биылғы жылы кәсіпорын қуаттылығын 2,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл бастамаға аудан әкімі өз тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына қосымша жұмыс көздері пайда болады деген сөз.


Түлкібас: Аудан әкімі сауықтыру орталығының бүгінгі ақуалымен танысты
Түлкібаста тамшылатып суғару көлемі артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу