Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Oinet.kz 27-07-2026

Түркістан облысының тұрғыны өз анасын өлтірді деген күдікке ілікті. Күдіктінің мүгедектігі бар екен. 

Screenshot_4.jpg

Қылмыс Түлкібас ауданында болды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйел үйінен пышақ жарақаттарымен табылды.

Оның 40 жастағы мүгедек ұлы күдікке ілінді. Қылмыстың себебі әлі белгісіз.

"Түлкібас ауданы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату ұсынысына жауап берді
Шымкентте Toyota мен Lexus бренді майларының көшірмесін сатып келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу