Тоқаев Омбыға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22-Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға келді.

Әуежайда мемлекет басшысын Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы екі ел үшін ерекше мәртебеге ие, себебі ол шекара маңындағы сауданы дамыту және стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесі талқыланады.


