Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды

Oinet.kz 24-07-2026

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған. 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетханаға абайсызда құлап кеткен.

Құтқарушылар баланың сүйегін сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органның күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың сүйегі сыртқа шығарылды", - деді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары 64 875 теңге айыппұл арқалады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу