Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті сотта қыздың өзі бірінші пышақ сұққанын мәлімдеді

Oinet.kz 28-07-2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты басталды. Сотталушы 29 жастағы Шерхан Аймаханнан жауап алынды. 

Screenshot_6.jpg

Айтуынша, ол Нұраймен 2025 жылдың жазында кездесе бастаған. Ол оған үнемі ақша аударып, сыйлық беріп, қазан айында үйленеміз деп шешкенін айтады.

11 қаңтарда қайғылы оқиға болған кезде Аймахан қызды кездесуге шақырып, айырылысатынын айтып, сақинаны қайтарады.

"Айырылысып жатырмыз" десем, ол ашуланып, сақинаны лақтырып жіберді. Нұрай кеудемнен ұрып, әдепсіз сөздер айтты. Қалтада пышақтар барын сездім. Кішісін алып шығып, оған бердім де, "Ұрғаннан гөрі осыны тық" дедім. Нұрай пышақ алып, оң жақ бүйірімнен ұрды... Әрі қарай не болғаны есімде жоқ", – деді сотталушы.

Сонымен қатар айыпталушы Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасын білетінін және кездесуге келіскендерін айтты.

Шымкентте Toyota мен Lexus бренді майларының көшірмесін сатып келген
Премьер-министр Алматы облысының әкімін сынап тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу