Түркістанда алғаш рет балалар бизнес жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 05-10-2019 768

Түркістанда алғаш рет балалар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында балалардың бизнес жәрмеңкесі өтті.

Шараға шаһардағы барлық мектептен 6 мен 15 жас аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысып, өз бизнесін дәріптеді. Он саусағынан өнер тамған өнерлі жеткіншектер өздері жасаған заттары мен бұйымдарын саудаға шығарып, тұтынушыларға ұсынды. Осылайша, бүлдіршіндер күні бойы бизнеспен айналысып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренді. «Мұндай жәрмеңкелер балалардың бойында көшбасшылық, тіл табыса білу, дербестік және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі», – дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ шара барысында балаларға арналған бизнес-тренинг те өтті.

Қала тұрғындары да балғын кәсіпкерлердің бастамаларын, идеяларын қолдап, өздеріне тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдар алды.

Балалар бизнес - жәрмеңкесі балаларға өздерін бір күнде кәсіпкер ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Жәрмеңкеде балалар кәсіпкерлік дағдыларға, коммуникация дағдыларына үйренді және ата-аналардың ақшасын құрметтеуді түсінді.

Шөкеев: «Жалпы республикада қарапайым заттар экономикасы бойынша біз көш басында келеміз»
Рашид Аюпов балғын кәсіпкерлердің бастамасын қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу