Тарихтың тірі куәгерлері

Oinet.kz 15-12-2022 1052

image.png

Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай және ҚР Президентінің «Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау туралы» тапсырмасы аясында Жетісай ауданының  әкімі Мұрат Қадырбек желтоқсан қатысушыларымен кездесті.

Жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыра отырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, 36 жыл бұрынғы өрімдей жастардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті.

Ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп, ел жастарымен бір сапта тұрып бас көтерген жетісайлық сол кездегі жастар бүгінгі бейбітшілік пен Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ерекше бағалай біледі.

Баршаңызға белгілі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын еліміздің егемендігі жолындағы басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек екендігін тапсырды.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. «Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деді мемлекет басшысы.

Мұрат Болатұлының қстерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желтоқсаншыларды қабылдауы сол азаматтарға деген құрметі деп білген дұрыс.

«Кезінде ескерусіз қалғанмен, өз алдымызға ел болғалы мемлекетіміз сіздердің ерліктеріңізді, елдікке ұмтылған асқақ жігерлеріңізді бағалағаны көңіл қуантады. Біз сіздерді бүгінгі таңда батыр деп білеміз, ерліктеріңізге әрқашан құрметпен қараймыз. Отанды, ұлтты сүюдегі махаббаттарыңыз қашан да өскелең ұрпаққа үлгі болып қала бермек» деген аудан басшысы желтоқсаншыларға құрмет көрсетіп, алғыс хатпен марапаттады.

Аудан басшысының қабылдауынан соң аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен желтоқсаншылар «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Демеушілер есебінен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналып ас беріліп, құран бағышталды.

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді
Қаламгерлерге арналған байқау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу