Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді
Бүгін Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуы қарсаңында, ұлттық рух пен намыс жолында азатыққа үлес қосқан желтоқсаншыларды қабылдады.
"Ең алдымен Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасына куә болған қыз-жігіттер бүгінде елуді еңсерген ел азаматтары. Шаштарын қырау шалған «желтоқсаншылар» батырлық пен елжандылықтың шынайы үлгісін көрсете білді. Сол батыр ағаларымыздың бірі өздеріңізсіздер. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Соның бір тұсында сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен үлестеріңіз салмақты деп білемін. Кейінгі ұрпақ ұлтты, елін мен жерін сүюді сіздерден үйренуі керек"- деді Б.Шомпиев.
Сондай-ақ, Б.Шомпиев оларға құрмет көрсетіп, сонау ызғарлы қыста егемендікке ұмтылып, толқыған қазақ жастарының тарихымыздан алар орны ерекше екенін тілге тиек ете отырып, аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады. Бұдан бөлек аудандық мәслихат хатшысының да атынан марапаттар берілді.
Сондай-ақ, марапаттау барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы болған оқиғаларды айтып, маңызды жағдайларға тоқталып өтті.