Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» шығармасын барлығы 400-ге жуық топоним кездеседі
Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» шығармасын барлығы 400-ге жуық топоним кездеседі. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 4-курс студенті Балнұр Амантаеваның шығармасын ұсынамыз.
"Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» шығармасын барлығы 400-ге жуық топоним кездеседі. Олардың ішкі мазмұнына үңілсек, олардың әрқайсысының шығу тегі тарихпен байланыс табады. Яғни әрбір атаудың тарихи оқиғамен байланысы бар екендігін көруге болады және де әр атаудың өзіне тән қолданыс мақсаты мен сипаты бар. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасының мазмұнында кездесетін топонимдердің қолданыс мақсаты мен сипатын зерттеудің тақырыптық өзектілігіне тоқталсақ, біріншіден, шығарма мазмұнында кездесетін топонидердің қалыптасуына көптеген тарихи, географиялық факторлар әсер етеді. Екіншіден, автор топонимдердің шығарма мазмұнында қолдануда асқан шеберлік танытқан. Қолданылған топонимдердің әрқайсысының өзіне тән типтік үлгісі мен лингвистикалық сипаты бар.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жер-су аттарына көптеген зерттеулер жүргізіліп, біраз ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасында елді мекен, жер атауларының ұлттық негізде бастапқы халықтық атауларын зерттеу əрекеті қызу жүргізілуде. Осы зерттеулер нәтижесінде бұрын белгісіз болған, тіпті мүлде ұмытылған тарихи мұраларымыз жарық көріп, одан әрі зерттелу үстінде. Жер-су атаулары еліміздің тарихынан мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сол себептен де ономостиканы, соның ішінде топонимиканы зерттеу өте қажет.
Филология ғылымының докторы Т.Жанұзақов өз еңбегінде ономастиканың негізгі бес саласын атап көрсетеді. Олар: топонимика, антропонимика, зоонимика, этнонимика және астропонимика.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жер-су аттарына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасында елді мекен, жер атауларының ұлттық негізде бастапқы халықтық атауларын зерттеу əрекеті қызу жүргізілуде. Осы зерттеулер нәтижесінде бұрын белгісіз болған, тіпті мүлде ұмытылған тарихи мұраларымыз жарық көріп, одан әрі зерттелу үстінде. Жер-су атаулары еліміздің тарихынан мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сол себептен де ономостиканы, соның ішінде топонимиканы зерттеу өте қажет. Топонимдер – жер бедеріндегі кез-келген табиғи немесе адам қолымен жасалған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді".