Өнер иелері халықты саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды

Oinet.kz 18-11-2022 275

image.png

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Президентін Сайлауына орай "Елім Үшін дұрыс таңдау жасайық!" атты мәдени-концерттік шарасы жалғасын табуда. 

Шауғар секторының тұрғындарына арналған кеш Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебінде өтті. Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеп директоры Г. Утеуова сөз алып, осындай шараны ұйымдастырған Түркістан қалалық Мәдениет үйіне алғысын білдірді. 

Патриоттық жанрда ән шырқалып, күміс-көмей әншілер туған ел, туған жер тақырыбында жүрек қылын шертер әндерді орындады. 

Дәл осындай шара Яссы секторындағы Түркістан жоғары медицина колледжінің акт залында өтті. Яссы секторының меңгерушісі Адырбек Бименов сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. «2022 жылғы сайлауды шешуші және тарихи деп атауға болады, өйткені сайлау ел мен әлем үшін қиын уақытпен қатар келіп отыр. Сіздердің барлықтарыңыз геосаяси жағдайды білесіз, сондықтан біз үшін бірге болу, бірге әрекет ету, патриотизм мен саналылықты көрсету маңызды. Біз бәріміз сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз керек. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бірінші кезекте балалар мемлекеттің елеулі қолдауына ие болатынын атап өтті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындары мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктер құрылатын болады. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының үшінші қағидаты дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен адам әлеуетін іске асыру үшін кең мүмкіндіктер құруды, әділ әлеуметтік саясат жүргізуді көздейді. Қолдауды қажет ететін әрбір адам мемлекеттің жеке қамқорлығын сезінуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы осыған бағытталған»,- деп атап өтті А.Бименов. 

Бұл кеште Патриоттық жанрда ән шырқалып, күміс-көмей әншілер туған ел, туған жер тақыпыбында жүрек қылын шертер әндерді орындады. «Семсер» тобы толғауымен жастарға жігер берсе, елді ынтымақ пен бірлікке үндейтін әсем әндерде сахнаны сазды үнге бөледі.

Концерт соңында шараны ұйымдастырушылар сектор тұрғындарын 20 қараша күні бәріміз Сайлауға белсенділік танытып, атсалысып, қатысуға шақырды.

«Каникулда кітап оқимыз» онлайн марафоны өтті
Кенесары ханның өмір жолы баяндалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу