ІІМ комитеті төрағасы Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Oinet.kz 08-04-2026

Бағынышты қызметкерлердің шағымынан кейін ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрханға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік желілерде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оған 20-ға жуық бағынышты қызметкердің ұжымдық шағым түсіргені айтылуда.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірқатар қызметкерлердің өтініштері негізінде материал заңнамаға сәйкес тіркелген.

Тексеру жүргізу кезеңінде Данияр Мейрхан қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеріс жалғасып жатыр.

Данияр Мейрхан Мейрханұлы – полиция полковнигі. Ол әр жылдары құқық қорғау органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2012–2022 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде бөлім басшысынан бастап басқарма басшысына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеген.

2023–2024 жылдары ҚР ІІМ Қостанай академиясы басшылық құрамында болып, оқу орны басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, сол жылдың желтоқсанынан бастап комитет төрағасының міндетін атқарушы болды. Ал 2025 жылдың қыркүйегінде комитет төрағасы болып тағайындалған.

Оқиғаға байланысты ресми тексеріс жалғасуда.

Хоккейшілерден ақша алған. «Құлагер» ХК командасының бастығы сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу