Әділетхан Молдаханды сот тағы 2 айға қамауда қалдырды
Жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның қамаудағы мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

Ақпаратқа сәйкес, сот шешімімен айыпталушы тергеу изоляторында қалатын болды. Оның қамауда болу уақытының ұзартылғанын ағасы Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Не үшін қамау мерзімін тағы екі айға создыңыздар?» – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Әділетхан Молдахан Алматыда болған жол апатына қатысты түрлі мәліметтер таратқаннан кейін 30 наурыз күні ұсталған еді. Алғашында құқық қорғау органдары оны көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен 10 тәулікке қамауға алған болатын.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.


