Жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды. Құжатты Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ұсынды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Жаңа Ата заң 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жобаны әзірлеу кезінде соңғы алты айда азаматтардан түскен ұсыныстар мен комиссия мүшелерінің пікірлері ескерілген.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияның кіріспе бөлігі – преамбула түбегейлі жаңартылған. Онда Қазақстанның тарихи жолы, қазіргі бағыты және болашақ даму басымдықтары айқын көрініс тапқан жалпыұлттық құндылықтар қамтылған.
Жаңа Конституция жобасы алдағы уақытта қоғамдық талқылауға ұсынылады.
Айта кетейік, Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу жеткіліксіз және Конституцияны тұтастай өзгертуді ұсынған болатын.


